Бүгінгі басталған оразаларын қабыл болсын достар тұтқандарың болса! 2006 жылы алғаш ораза тұттым. Кәдімгідей дайындалдым алдын ала. Өйткені өзім суды көп ішетін едім соған шыдамым жетпей қалам ба деп қобалжыдым. Боқтық сөздер де қолданысымда едәуір еді әрі сол кездерде. Соларды да азайтып, тіпті айтпауға тырысып өзімді «тәрбиелей» бастадым.
Бір танысымның ұсынысы қызықтырып эксперимент жасадым десем де дұрысырақ болар. Оның ұсынғаны ораза басталардан он күн бұрын, ораза айының жартысы өткеннен кейін, содан соң аяқталғаннан кейін он күннен кейінгі кіші дәреттеріңді салыстырып көр, мен сүйткенмін деді. Сонда кәдімгідей нәтижесін көресін екен. Әр кезеңдегі дәреттердің өзгерісін байқайсың. Әрі бойыңды жеңіл сезініп, спортпен шұғылданғандай керемет күш байқадым өзбасым. Бірақ өкініштісі намаз оқи білмейтінмін. Әлі күнге дейін білмейтінімді мойындаймын. Кейін бір жерден осылай тек денсаулық үшін ораза тұту күнә дегенді оқып қалып артты қыса қойдық
Негізі ораза ұстағаннан кейін намаз оқу да шарт шығар. Ал былай пендеміз ғой, жалпы ниетіміз түзу, барымызша дұрыс жүреміз деп ойлаймын… Барлығымыз аман болайық. Жанымыз, арымыз, тәніміз сау болсын!
Жұмыс бабымен қаламыздан 60 шақырымдай жердегі Алға қаласына барып қайттым. Кешке шейін жұмыстарымды бітіріп болып, одан әрі әке-шешем тұратын Тамды ауылына тартып кеткенмін. Содан келесі күні кеше таңертен, кейін қайтуға таксилер жүретін жерге келдім. Біраз адам жиналып тұр екен ол жерде. Алдыңғы аптап ыстықтан кейін, түнімен жаңбыр жауған соң ба?! күн біраз тоңатындай салқын жел болып тұр. Ыққа тығылып тұр едік бір такси келе қалды да бірінші топ мініп кетті. Одан шамалыдан соң тағы бір такси келіп оған жүгіргендер мініп үлгерді. Неге екенін білмеймін тоңып тұрсам да біртүрлі аяғым жүрмей қойды. Опшым жалқаулық ұстап қалды жүгіртпей
жалғыз өзім тұрмын екі таксиды жіберіп қойып. Іштей өкініп тұрмын жаңа жүгіргенде ендігі кетіп бара жататын едім деп. Сүйтіп тұрғанда шамамаен 15 минуттан кейін бір машина келіп тұра қалды да шофері терезесінен,- брат барасын ба дейд. Отырып алдым. Содан келе жатсақ алдымызда трассаның үстінде масқара авария болыпты. Трассаға көлденең үлкен ЗИЛ машинасы аударылған цемент тиеген екен, олар шашылып қалған. Алдыңғы екі дөңгелегі жоқ ұшып кеткен. Жаңағы алдымызда ғана кеткен такси трассадан шығып кеткен быт-шыт болыпты. Трассаның келесі бетінде тағы екі жеңіл машина шығып кеткен қырғын болып қалыпты.адам шығыны болды ма ол жағын білмеймін әйелдер жылап тұр. Үш-төрт адамды жолда келе жатқан машиналар алып кетіпті ауруханаға Алғаға. Содан кеше үйге келіп күнұзақ біртүрлі күйде болдым. Ана таксиге мінгенде мүмкін қандай жағдайға ұшырар едім деп… Бұл кездейсоқтық па әлде қалай… Жалқаулықтың да пайдасы тиеді екен-ау?!.. Басыңа жазылса болатын нәрсе болар-ау мүмкін… Дегенмен де бір апаттан аман қалдым не болса ол болсын достар.
Пы.Сы Айтпақшы суретке түсірмедім. Адамдар жылап бақытсыз жағдай болып жатырғанда суретке түсіріп жатырғанды артық көрдім. Денең түршігіп кетеді екен тіпті…
Кеше кешкілік уақыттан бастап көбіміздің сүйікті, бас қосып жүрген сайтымыз жұмысын тоқтатты. Админнің соңғы ренішті постынан соң… ия. Аршатты да түсінуге болатын шығар сыйламадық, айтылса да ескерілсе де сан рет ешкім құлақ аспай қойғанымызды мойындайық достар. Сонда да сеніңкіремей бүгін жұмысқа келе сала үйреншікті әдетпен керекті қостым. Сол 8 шілдеге дейін уақытша техникалық себептермен ажыратылғанын ескертіпті. Ал енді бұйыртса 8 шілдені де күтерміз. Сайт жұмысын қайтадан бастауын тілейік достар. Мағыналы дұрыс нағыз керек сайтқа айналуына үлес қосайық…
Қазақтың ырымы, наным сенімдерінің бірі — мүшелді бәрің білетін боларсыңдар? Міне осы мүшел төңірегінде әңгіме қозғамақшымын. Мүшел дегеніміз — қазақтың және жалпы шығыстың жыл санауындағы ( 1)тышқан 2) сиыр 3) барыс 4) қоян 5) ұлу 6) жылан 7) жылқы 8) қой 9) мешін, маймыл 10) тауық 11) ит 12) доңыз) 12 жыл. Ең бірінші мүшел 13 жас одан әрі 25, 37, 49, 61… он екі жыл қосылып әрі қарай кете береді. Осылардың ішінде 25, 37, 49 жастарды қауіпті кезеңдер санап, аман -есен өтуі үшін құран бағыштап, өзінің қатты жақсы көретін киім — кешектерін жақын жуықтарына тарату сияқты ырым жоралғыларын жасап жатады. Жақында бір отырыста осы қауіпті кезеңге байланысты қызылкеңірдек болып айтыстық та қалдық
Олардың барлығының түсінігінше 24, 36, 48, жастарды қауіпті кезең болып санайды екен. 25, 37, 49 жастарға жеткенде қауіпті кезеңнен өттік деп ойлайды екен. Мен оған қарсы болдым. Өйткені 25, 37, 49 жастарда болып жатқан бақытсыз жағдайларда: ойбүй байғұсай мүшел жаста екен ғой деп жатады ғой. 24, 36, 48 жастарда болса олай айтатынын естіген жоқпын өзбасым. Осыдан түсінуге болады емес пе? Жоғарыда айтқан жоралғыларды да осы себепті жасайды ғой. Міне сондықтан әрбір мүшелдің бастапқы жылынан аяғына дейін жетсем деген ырыммен жасалады осы нәрселер. Осыны түсіндіре алмай әлек болдым әлгілерге, онымен қоймай сендердің Ойыл жақтарыңда сөйтетін болып тұр ғой деп мазақ қылады адамды күйдіріп ептібайымайдтар
Мүшел туралы басқа сендер не айтасыздар достар? Таңертең келе сала гуглдетіп едім, мына мақалада толық жақсы жазылған екен.
Бұрынырақ жалпы бильярд ойынының пайда болу тарихы жайлы жазбамды ұсынғанмын. Енді назарларыңызға бильярд ойындарының бір түрі орыс бильярды жайлы жазбаны ұсынайын ағайын.
Орыс бильярды, пул, снукер, карамболь… Әлемде отызға тарта бильярд ойыны түрлері бар. Олар бір-бірінен ережесі ғана емес, үстелдерінің көлеміне қарай, шарлары және лузаларымен де ерекшеленеді.
Ресейде бильярд XYIII ғасырдың басында Петр I ші патша тұсында пайда болды. Голландияға барғаннан кейін осы ойынды көріп танысқан патша бильярд үстелін жасауға әмір беріп, осы ойын түрі сүйікті ермегіне айналған.Патшадан көріп, үлгі тұтқаннан кейін маңайындағылар да өз бильярд үстелдерін жасай бастаған. Арада бірнеше уақыттан соң ойын «дворян помещиктерге», клубтарға, т.б. арасында жедел тарала бастады.
Ресейде ойын автономды түрде дамып, отандық лузалы бильярд үлгісін жасады. XIX ғасырдың 30-шы жылдары Ресейде орыс пирамидасы («русский пирамида») ойыны түрін ойлап шығарған, бұл бильярд ойыны лезде кеңінен танымал болуымен қатар қазіргі уақыттың өзінде бильярд ойындарының классикасы болып саналады. Алғаш пайда болған кезеңдегі бильярд жабдықтарынан, бөлшектерінен көптеген айырмашылықтар аңғарылады. Алғашқыда үстел борттары резинамен қапталған, шарлардан тым биік тік жақтаулы болып, соққының мүмкіншілігін, лузаға бағытын жоғалтып ойыншылар арасында қызығушылығын азайта бастаған. Кейінірек Мәскеулік бильярд шеберлері Щульц және Бригген дөнгеленген, тік ұшты боп бейімделген, аласалау резина бортты үстел ұсынды. Бұл үстелдің де қатты соққыда шардың жиі жоғарыға ыршып кетіп үстел бетінде құлауы шардың жылдамдығын, бағытын жоғалту секілді ыңғайсыздық тудырып жүрді.
1850 жылы Петербор бильярд фабрикасының басшысы әрі шебер ойыншысы болған А.Фрейберг қазіргі таңда пайдаланылып жүрген, ойынның барлық талаптарына ыңғайластырылған орыс бильярды үстелінің ең алғашқы үлгісін жасады.
Өткен уақыттардағы көрнекті шебер ойыншылар арасында XIX ғасырдың аяғы, XX ғасырдың басындағы орыс жазушысы Анатолий Иванович Леманның алатын орны айрықша. Сол кездегі «Бильярд ойынының теориясы» аталған еңбек осы кісінің маңдай тері. Бұл ойынды таза спорттық ойын ретінде қарастыра отырып Леман, оның адам мінезін қалыптастыратынын айтқан. Ол бильярд ойынының шеберлеріне үлкен құрметпен қарап «тәжірбиелі, ойынның шын шебері – ол философ, адам жанын түсінетін көреген» деп бағалаған.
Қазіргі таңда көптеген жандардың сүйікті ойыны бильярд. Шарлар ойыны алғашқы тарихи мәліметке ие болған ойындардың бірінен саналады. Көп зерттеушілердің пайымдауынша, Азия осы бильярдтың отаны болып саналады екен. Қытай саудагерлері орта ғасыр кезеңінде қарапайым шарлар ойынын Англияға апарған көрінеді. Ағылшындар оны ары қарай жетілдіреді, және «Pall-Mall» деп атап, оны тегістелген арнайы алаңда, яғни жерде ойнай бастаған. «Бильярд» сөзінің төркіні ағылшынша «ball» (доп), «yeard» (таяқ) болғандықтан ойынды өздері иемденді. Read the rest of this entry »


